Солтүстік Қазақстанда 159 штаб жұмыс істеп тұр
Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарды қолдау үшін құрылған қоғамдық штабтардың мүшелері 160-тан астам кездесу ұйымдастырды. Жұмыс топтары заңгер, депутат, еріктілер мен басқа да сала мамандарынан құрылған. Олар 10 мыңнан астам адаммен кездесіп, түрлі сауалдарына жауап берді. Аудандық, қалалық, және облыстық деңгейдегі 159 штаб жұмыс істеп тұр. Облыста 4 мыңға жуық үй мен 6 мың саяжай учаскесін су басты. 14 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 1 мыңнан астам адам бір айға жуық уақыттан бері эвакуациялық пунктттерде тұрып жатыр.
Болат Қожахметов, Қоғамдық штаб мүшесі:
Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардан сан-алуан сауалдар түседі. Бірден жауап берме алмайтын сұрақтарды жауапты органдарға жолдаймыз. Үйлері тұруға жарамсыз болып қалған азаматтарды жаңадан берілетін баспаналардың қандай болатыны алаңдатып отыр. Несие төлемдерін уақытша тоқтату жөнінде де өтініштер айтылады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08