Қызылорда облысында былтыр жөнделген жол жарамсыз күйге түскен
Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма елдімекенінде былтыр салынған жолдар жылға жетпей жарамсыз күйге түсті. Мәселен, ұзындығы бір шақырымға да жетпейтін жолдың асфальт жабындысы үгітіліп, топырағы бетіне шығып жатыр. Бұған бюджет есебінен 22 миллион теңгеге былтыр жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Фарида Абзалова, ауыл тұрғыны:
Бұл асфальт негізі желтоқсан айында салынған болатын. Мына тастары көріп тұрсыздар өзі жаман болып тұр. Өте нашар салынған. Көп күткен асфальтымыз осы енді түрі. Мына жерді көріп тұрсыз әрі қарай жылжып кеткен асфальт. Асты алаңсыз айта алмаймын.
Тұрғындар республикалық «Әділдік жолы» қоғамдық ұйымына шағымданып, мәселені заң тұрғысынан қарауын сұрады. Жалпы ауыл әкімдіктерінде бірде-бір жол саласының маманы жоқ. Сондықтан елді мекендерде салынған жолдар көбіне сапасыз болады. Мәселен, Қызылжарма ауылында былтыр 23 көше жөндеуден өтсе, соның біразы талапқа сай емес.
Шәріп Әбдірахманов, ауыл әкімі:
Асфальттардың сапасыз салынғаны көрініп тұр. Соны аралап, тиісті ұжымдарға өзіміздің тарапымыздан ескерту қағаздарын жолдадық. Және келісім-шарт бойынша олар екі жылға дейін осы жасаған жұмыстарына жауап беріп, қайттан дұрыстау жұмыстарын жүргізу керек.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Қостанайда қорқытып, ақша талап еткен күдіктілер ұсталды
02.11.2026, 10:00
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00