Өңірлерде педагог және реабилитолог мамандар тапшы
Еліміздегі еңбекке қабілетті мүгедектігі бар азаматтардың 36 пайызы ғана жұмыспен қамтылған. Отандық компаниялар да мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алуға аса ынталы емес деді Сенат спикері. Сол үшін инклюзия жөніндегі кеңестің кезекті отырысында аталған санаттағы азаматтарды қолдауға арналған ұсынымдар әзірленді. Отырыста инклюзивті білім беру мәселесі де талқыланды. Бұл ретте тек физикалық тұрғыдағы кедергісіз орта қалыптастыру жеткіліксіз екені айтылды. Өңірлерде педагог және реабилитолог мамандар тапшы. Ал жыл сайын білім беру саласында ерекше оқу қажеттілігі бар балалардың саны артып келеді.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Бәріне тең мүмкіндік берілетін инклюзивті қоғам қалыптастыру Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың реформаларының маңызды басымдықтарының бірі. Десекте, ұлттық зерттеулердің мәліметтеріне сүйенсек, педагогтердің 50 пайызы мұндай жұмыс форматына және әр балаға жеке оқу жоспарын әзірлеуге дайын емес. Сондықтан ерекше оқу қажеттілігі бар балалармен жұмыс істей алатын мұғалімдер мен тәрбиешілер даярлаудың заманауи үлгісін әзірлеу қажет. Яғни, оңалтуды кешенді процесс ретінде дамыту аса маңызды.
Тәуірбек Бозекен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04