Ресейде 15 мыңнан астам үй су астында қалды
Ресейде 15 мыңнан астам үй мен 20 мыңға жуық саяжай су астында қалды. 18 өңірде көктемгі су тасқынымен күрес жалғасуда. Бізбен тікелей байланысқа Мәскеудегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар шығып тұр. Индира, қай өңірлерде су қаупі сейілмей тұр?
Индира Бегайдар, тілші:
Қазақстанмен шекаралас Қорған, Омбы, Түмен облыстарында жағдай мәз емес. Мәселен Түмен облысында су тек келер аптада ғана шарықтау шегіне жетеді деген болжам бар. Есіл өзені қайта-қайта көтеріліп, облыстың кейбір аудандарында оның деңгейі 12 метрден асып кеткен. Мамандар су 8-9 мамырда шарықтау шегіне жетеді деп болжап отыр. Омбы облысының губернаторы да Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғындарды қауіпті аймақтан эвакуациялау басталғанын жариялады. Су басқан өңірлерде жұқпалы аурулардың таралуы мүмкін. Сондықтан бұл өңірлерде тұрғындарға А гепатитіне қарсы вакцина салынуда. Сонымен қатар, Ресейде су тасқынын пайдаланып, жалған есеп-шот ашқан алаяқтардың саны артты. Ал су астына қалған тұрғын үйлерді жергілікті әкімдіктер қайтадан қалпына келтірмек, оны арнайы комиссия қадағалайды. Орынбор облысының тасқыннан зардап шеккен тұрғындары орта есеппен 21 мың рубль, яғни 100 мың теңге көлемінде бір реттік көмек алды.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05