Қанат Бозымбаев: Тасқыннан зардап шеккендер тамыздың ортасына дейін қоныстануы тиіс
Тасқыннан зардап шеккен Ақмола облысының барлық тұрғыны тамыз айының ортасына дейін жөнделген және жаңадан салынған немесе сатып алынған үйлерге кіруі тиіс. Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановқа осындай міндет жүктеді. Аймақта барлығы 1817 үй су астында қалды, оның 359-ы апатты деп танылса, қалған үйлер жөндеуге болатын баспаналар санатына жатқызылған. Атбасар қаласында 45 пәтерлі екі тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 жеке үй салынбақ.
Қанат Бозымбаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:Өңірдегі үйлерді жөндеу мен салуға барлығы 10,5 млрд теңге қажет. Оның 5 млрд теңгесін Kaspi Bank, 1 млрд теңгесін RG Gold компаниялары бөледі. Біздің жоспарымыз 15 тамызда осы зардап шеккен кісілер жаңа үйлерге кіріп қоныс тойын өткізу болуы мүмкін.
Торғын Мелісқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04