Стамбұлда оқушы мектеп директорына оқ атты
Стамбұл қаласындағы жекеменшік мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы мектеп директорын атып өлтірді. Тәртібінің нашарлығына байланысты мектептен шығарылған жоғары сынып оқушысы арада бірнеше ай өткен соң өзі оқыған білім мекемесіне барып директорды кабинетінде отырған жерінен бес рет атқан. Оқиға орнында ауыр жараланған 74 жастағы директор ауруханаға жеткізілгенімен көп ұзамай қайтыс болды. Бірнеше сағаттан кейін ұсталған 17 жастағы оқушы Түркияда оқитын Ирак азаматы екен. Ауыр қылмыс жасаған жасөспірім қамауға алынды. Тергеу кезінде ол өзін мектептен қуған директорды аяғынан жаралап қорқытпақ болғанын айтқан.
Кадрие Девежи, мұғалім:
Директормен көрші кабинеттерде отырамыз. Мылтық дауысын естіп сыныптан жүгіріп шыққанда директорымыз да коридорға шықты. Үсті-басы қан, маған қарай жүрді де құлады. Не болғанын түсінбей директорымызды ұстамақ болдым, алайда әлім жетпей ол кісі құлап түсті. Қылмыс жасаған оқушы қашып үлгерген екен, оны көрмедім.
Айдос Әшім
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05