Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі 10 метрден асты
Батыс Қазақстан облысымен шекаралас Атыраудағы Индер ауданында Жайық өзенінің деңгейі 10 метрден асып кетті. Қауіпті меже 845 см болған. Қазір штаб күшейтілген режимге көшіп, тұрғызылған бөгетті нығайту мақсатында қайта бекітіп жатыр. Ал қалада қауіпті деңгейге 20 см-дей қалды. Өңірдегі ахуалды Жандос Темірғали баяндауға әзір тұр.
Жандос Темірғали, тілші:Біз қазір қала аумағындағы аса қауіпті учаскенің бірінде тұрмыз. Бұл – Алмалы ауылының маңы. Нөпір су арнадан асып, мына биіктігі 6, ұзындығы 5 шақырымды құрайтын бөгетке келіп тірелді. Мұнда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Жаға басына бекітілген адамдар жағдайды сағат сайын жедел штабқа хабарлап отыр. Әзір елдімекенге төніп тұрған қауіп жоқ. Бірақ, мамандар босаңсуға болмайды деп отыр. Өйткені ағыс күшейіп, су деңгейі тоқтаусыз көтеріліп жатыр. Тасқынға қарсы шараларды ғылыми түрде зерттеп жатқан ғалымдар тобының өкілі Арман Жұмағазиев атқарылып жатқын жұмыстарды жеткізді.
Жандос Темірғали, тілші:Қала бөлігіндегі гидробекетте Жайық деңгейі 5 метрден асты. Қазір кейбір учаскелердегі бөгеттің осал тұсы қайта нығайтылып жатыр. Жалпы өңірде 522 шақырым жаға бекітілді. Оған 5 млн-нан астам қапшық жұмсалды. Егер бөгет бұзыла қалған жағдайда хабарласу үшін 112 және 109 нөмірі арқылы жедел желі іске қосылды. Қаланың өзінде 10 мыңнан астам эвакуациялық орын әзір тұр.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04