Маңғыстауда ұршық иіру дәстүрі қайта жаңғырды
Маңғыстауда бір мезгілде 100 ге жуық ана ұршық иірді. Шара Ақшұқыр ауылында «Аналар» мерекесіне орай ұйымдастырылды. Ұлттық киім киген ақ жаулықты аналар ұршық иіру өнерін насихаттап, жіп иіру тәсілін көрсетті. Мұндағы мақсат-ұлттық құндылықтарды жастарға үйрету. Фестивальге жеткіншек қыздардан бастап, 70 жасты алқымдаған әжелер қатысты.
Аружан Беген, 8-сынып оқушысы:
Ұршық иірген кезде өзіндік ынсаппен, ниетпен иірген кезде ол жақсы шығады. Жіп тіп-тіке, үзілмей шығады. 7 жасымнан бастап үйрендім. Бұл талант менің әжемнен дарыған. Біз отбасымызбен ұршық иіруді жақсы көреміз.
Қаламқас Тлеубаев, Түпқараған аудандық аналар кеңесінің төрағасы:
Атам қазақ мал баққан. Баққан малынан өзінің үстіне киім киді. Астына төсенішті осы баққан малдың жүнінен алған. Ұршық арқылы иіру жұмыстары яғни жіп дайындаған. Яғни бұл фабрика деп айтуға болады негізі.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08