Шыбын-шіркейді улауға 105 млн теңге жұмсалады
Батыс Қазақстан облысында биыл маса мен шыбын-шіркей улауға 105 млн теңге бөлінді. Алайда тасқын салдарынан су жайылған кей аумақтарды дезинсекциялау мүмкін болмай тұр. Өйткені, зиянкестердің дернәсілдері шоғырланған саяжайлар мен сай-сала суда тұр. Дегенмен, жағалауды зарарсыздандыру басталған. Мамандардың айтуынша, бұл дәрілердің шыбын-шіркейден басқа адамға, судағы тіршілікке, қоршаған ортаға зияны жоқ. Биылғы су тасқынынан соң маса мен шыбын-шіркей күрт көбейеді деп болжанып отыр. Жағалаумен қоса, тынымбақ, қоғамдық орындар да дезинфекцияланады. Тұрғындардың өтініштері де ескерілмек.
Қанат Өмірәлиев, облыстық Энергетика және түкш басқармасы басшысының орынбасары:
Үш мың гектар жер уланып отыр қазіргі таңда. Алдымен, барып анықтайды, кейін улайды. Қазір кейбір жерлерге біз бара алмай отырмыз. «Телеорталық» ауданы, 1, 2-ші саяжайлар, өйткені су деңгейі әлі түскен жоқ. Су тасқынына байланысты жылда есептеп жүрген 13 мың гектарымыз екі есе ұлғайып отыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04