БҚО: Үйлер қыркүйекке дейін тапсырылуы керек
Батыс Қазақстан облысында қыркүйекке дейін баспанасы тұруға жарамсыз отбасыларға 456 тұрғын-үй беріледі. Олардың 386-сы қайта салынады, ал 70 үй сатып алынады. Қазір Сырым, Қаратөбе, Теректі аудандарында тұрғын үй құрылысы басталды. Ал баспанасы тұруға жарамды 1 мың адамға үйін жөндеп алу үшін өтемақы беріледі. Күні бүгінге апаттан зардап шеккен 7 мыңға жуық отбасына 2,4 млрд теңге бір реттік әлеуметтік көмек берілді. Ал саяжайларда 9 мыңға жуық тұрғын үйге залал келгені анықталды. Әзірге олардың 2500-ден астамы -тұрғынның өз атында, басқа үйі жоқ, жалғыз баспанасы деп танылды. Оларға үй беріледі.
Тілепберген Каюпов ,облыс әкімінің орынбасары:2024 жылдың 1 сәуіріне, яғни төтенше жағдай жарияланған кезеңге дейін саяжайдан басқа тұрғын үйі жоқтарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек көрсетіліп жатыр. Ал тұрғын үй бойынша салынады немесе сатып алынады. Басты талап - меншігіндегі саяжай, ішіндегі құрылысымен бірге мемлекет меншігіне өткеннен кейін ғана жүргізіледі.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
13.08.2026, 20:14
Елімізде туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
13.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбайды өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
13.08.2026, 20:07
Ақтөбеде әлеуметтік желіде балағат сөз айтқан тұрғын қамауға алынды
13.08.2026, 20:07
208 қатысушы ұлттық қолөнердің сырын үйренді
13.08.2026, 20:06
Құзырлы мекемелерде кадрлық ауыс-түйіске мораторий енгізіледі деген ақпарат – жалған
13.08.2026, 20:06
65 жастан асқан көлік жүргізушілерге жаңа талап енгізіледі
13.08.2026, 20:05
Құрылтай сайлауы алдындағы үгіт-насихат жұмыстары аяқталуға жақын
13.08.2026, 20:04