Түркия үкіметі бюджетті үнемдеуге көшті
Түркия үкіметі елдегі экономикалық жағдай қиындаған соң, бюджетті үнемдеуге көшті. Алдағы үш жыл бойы барлық мемлекеттік мекемелерге жаңа ғимарат салуға немесе сатып алуға тыйым салынады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер үшін жаңа қызметтік көлік алынбайды. Алынған күннің өзінде тек отандық көлік болуы тиіс. Шетелдік іс-сапарларға шектеу қойылады. Мемлекеттік компанияларда топ-менеджерлер жалақысының шекті мөлшері бекітіледі. Бағдарламаның шарттарын бұзған мекемелерге қатаң шаралар қолданылады.
Мехмет Шимшек, Түркияның қаржы және қазынашылық министрі:Алдағы үш жылда барлық мемлекеттік мекемелерде күнтізбе, қалам-дәптер сияқты ұсақ-түйектерден бастап кез-келген сыйлық алуға шектеу қойылады. Сондай-ақ аса қажеттілік болмаса жаңа жиһаз алуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге де тыйым салынады. Жаңа заңның орындалуы министрлігіміз тарапынан қатаң бақылауға алынып, бұл шарттарды бұзған мекемелер туралы Президентке шағым түсіріледі.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05