Қазақстан, Татарстан, Өзбекстан, Тәжікстанда медициналық білім беруді зерттейтін орталық құрады
Қазақстан, Татарстан, Өзбекстан, және Тәжікстан жоғары оқу орындары медициналық білім беруді зерттеудің бірлескен орталығын ашпақ. Бұл туралы Қазан қаласында басталған «Ресей - ислам әлемі» халықаралық форумында айтылды.
Индира Бегайдар, тілші:
Соңғы 30 жылда бұл салада білім беру стандарттары өзгерген. Сондықтан медициналық білім беруді зерттейтін мұндай халықаралық орталық сапаның артуына да сеп болады. Сондай-ақ дәрігер тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді, дейді мамандар.
Виктор Риклефс, Қарағанды медицина университетінің проректоры:
Медициналық жоғары білімді ғылымға негізделген методика арқылы беруіміз керек. Түрлі жоғары білім беру бағдарламаларының мерзімі де әртүрлі. Осының барлығын зерттеп, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеміз.
Жалпы «Ресей - ислам әлемі» экономикалық форумы 12 түрлі бағыт бойынша 125 тақырыптық сессияны қамтиды. Барлығы 80-ге жуық елден 11 мыңнан астам адам қатысуға ниет білдірген. Ең ірі делегация ол Қазақстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Индонезиядан. Басқосуда туризм, бизнес, ғылым, инвестиция, халал индустриясы сияқты өзекті сұрақтар талқыланады.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05