Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары теміржол көпірінің астымен қатынап жүр
Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары теміржол көпірінің астымен қатынап жүр.
Бауыржан Момышұлы ауылы бұл өткелді кеңестік кезеңнен бері пайдаланады. Жүрер жолы бір бағытты болғандықтан көліктер кезекпен өтуге мәжбүр. Бұл кептеліс тудырады. Айына 5 мыңға жуық автокөлік өтеді. Өткел қабырғалары бүліне бастаған. Жолы жөндеу көрмегендіктен шұңқырлар көбейген. Бұқара қатынауға қолайсыз жолды кеңейтіп беруді сұрап отыр. Жауаптылар нысан құрылысына 800 млн теңге кететінін айтты. Қаржы мөлшері белгілі болғанымен қашан бөлінетіні белгісіз.
Жандос Әлімбеков, ауыл тұрғыны:
Кептеліс болады, мұз болады, жауын-шашында су толып қалады ішінде. 70-80 см суды кешіп өтеміз. Машина тұрып қалады. Проблема. Істеймін деп жатқанына бірнеше жыл болды.
Асхат Жабағы, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары:
Құрылыстың мерзімі шамамен 5-6 айды алайын деп отыр. Биыл! Сараптама қорытындысынан кейін қаржы уақытылы қаралып, жұмыс басталатын жағдайда жылдың аяғына дейін аяқталады.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08