Электромобиль иелері тұрақта ақы төлеуден босатылады
Бүгін Мәжілісте электромобильдер инфрақұрылымын дамытуға қатысты заң қабылданды. Енді жолдарды жобалаған кезде электр қуаттау станцияларын орналастыру үшін бөлек орындар бөлінеді. Бұл станцияларды жол бойындағы сервис объектілеріне жатқызуға және олар үшін жекелеген орындар белгілеу көзделген. Сондай-ақ электромобильдердің тұрағы үшін арнайы орындар бөлініп, иелері орынтұрақ жерінде ақы төлеуден босатылмақ. Депутаттар «Автомобиль көлігі туралы» және «Жол жүрісі туралы» заңдарға тиісті түзетулер енгізді.
Арман Қалықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Автобустар мен троллейбустар жүргізушілерінің жасын жиырма үш жасқа дейін төмендетуді және олар үшін кемінде үш жыл жұмыс өтілі болуы қажет. Ал «D1» кіші санатындағы жүргізушілер үшін жұмыс өтілі кемінде бір жылға толуы тиіс.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18