Петропавлда студенттік құрылыс жасағы құрылды
Петропавлда тасқыннан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлерге енді студенттік құрылыс жасақтары көмектеседі. Жастар ақылы еңбек етіп, жазғы демалыстарын тиімді өткізуге мүмкіндік алды.
Бүгінде «Ауыл жастары» құрылыс жасағының құрамында 40-тан астам адам бар. Тағы 40 студент резервте тұр. Жалақы мөлшері 250-350 мың теңге көлемінде болады. Студенттерден құралған жасақ «Солнечный-2» кентінде еңбек етеді. Қазір онда 500 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Серік Егізбаев, «Ауыл» ХДПП төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Осы жағдай басталғалы «Ауыл» партиясы жанынан жедел штаб құрдық. Екі мақсат алға қойылды. Бірінші, ол жастардың құрылыс кезіндегі қауіпсіздігі. Екіншісі, жас азаматтар табыс табуы керек.
Мұхаммедәмин Уәлихан, студент:
Мен кішкентай кезімде әкеммен ауылда құрылыс болатын. Қора салдық дегендей. Содан құрылыстан хабарым бар. Үш ай демалысымды осы жерде өткіземін деп шештім.
Айнұр Досан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты
13.08.2026, 13:03
Таразда тозығы жеткен үйлер тегін жөнделіп жатыр
13.08.2026, 13:01
Әділ сайлау – демократиялық дамудың негізі
13.08.2026, 13:00
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
13.08.2026, 12:58
Ауғанстанда 2 миллионнан астам қыз бала білім алудан шеттетілген
13.08.2026, 12:58
Қытайда көне қаланы топан су басты
13.08.2026, 12:57
Жүргізуші куәлігіне тапсыратын емтиханды тек мемлекеттік ұйымдар қабылдайды
13.08.2026, 12:56
Ақмола облысында республикалық маңызы бар жолдарда орташа жөндеу жұмыстары аяқталды
13.08.2026, 12:55