Солтүстік Қазақстанда 6 шаруашылықта бруцеллез тіркелді
Солтүстік Қазақстанда 6 шаруашылықта ірі қарадан бруцеллез анықталды. Инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында шектеу шаралары енгізілді. Оған сәйкес жұқпалы ауру тіркелген елді мекендерден мал және сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Жалпы жыл басынан бері алты ауданда 244 бас мал бруцеллезге шалдықты. Аққайың ауданындағы Ленинское ауылында былтырдан бері шектеу шаралары жалғасуда.
Аманжол Нұртазин, ветеринария басқармасының баспасөз хатшысы:
Аурудың алдын алу мақсатында ветеринарлар күн сайын аулаларды аралап, осы бруцеллезға ірі қарадан қан алады. Мамыр айында жалпы 52 ірі қарадан бруцеллез анықталды. Соңғы дерек Аққайың ауданына қарасты Ленинское ауылында мамырдың 27-сі күні анықталды.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00
Президент Атырау облысының әкімін қабылдады
27.07.2026, 17:00