Өзбекстанда қажылықты желеу ететін алаяқ көбейді
Құрбан айт жақындаған сайын, Өзбекстанда «қажылыққа жібереміз» деген желеумен тұрғындарды алдап, ақша алатын алаяқтар көбейген. Қаражат аз емес, бірнеше мың доллар. Алаяқтардың жолын кесуге мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері кіріскен. Күн сайын бірнеше заңсыз әрекет әшкере болып жатыр.
Базаркүл Отыншиева, тілші:
Бірақ осыған қарамастан алаяқтардың қатары азаяр емес. Жуырда ғана Ташкенттің Яккасарай ауданында орналасқан туристік фирманың 2 қызметкері ұсталды. Олар жергілікті азаматтың сеніміне кіріп, ата-анаңды Сауд Арабиясына қажылық сапарына жібереміз, визасын дайындап береміз деп 18 000 АҚШ долларын сұраған. Оның 4 жарым мыңын алдын ала алып жатқанда қолға түсті. Бұл бір ғана мысал. «Аңқау елге арамза молда» болғандар өте көп. Тура осыған ұқсас сценариймен тұрғындарды алдап, қыруар ақшасын алған туристік компания өкілдері Қоқан мен Ферғана қаласында да қолға түсті. Ақша көлемі де аз емес, алаяқтар өз еңбегін 10 мың доллардан бастап 30 мыңға дейін бағалайды екен. Ел билігі қажылыққа барудың арнайы бекітілген тәртібі бар екенін ескертеді, азаматтарды алаяқтардың арбауынан сақ болуға шақырады.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары - 2026»: Турнирде 800-ден астам волонтер қызмет етіп жатыр
05.08.2026, 20:12
ЖОО-ға түсу кезінде волонтерлік қызмет ескеріледі
05.08.2026, 20:11
Ақтөбеде 10 миллион теңгені заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды
05.08.2026, 20:10
Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындық пысықталды
05.08.2026, 20:10
Рақымшылық туралы заңға сәйкес 620 адам түрмеден босатылды
05.08.2026, 20:09
Тойда теріс пікір айтқан тұрғын қамауға алынды
05.08.2026, 20:07
Павлодарда отандық өнім өндірісі 1,5 есе артты
05.08.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.08.2026, 20:05