Су тасқыны: Петропавлда жаңа үйлер салынып жатқан кент абаттандырылып жатыр
Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тасқыннан зардап шеккен азаматтарға арналған үйлер салынып жатқан «Солнечный 2» кентінде көшеттер отырғызылды.
Бұл ағаштар балалар алаңқайының көркіне айналмақ. Сонымен қатар футбол, баскетбол, воркаут алаңдарын салу жоспарланған. Акцияға құрылыс компанияларының өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты. Қазір аталған шағын ауданда 500 үй салынып жатыр. Жуық арада тағы 200 баспананың іргетасы қаланбақ. Құрылысқа 1 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Қайролла Ғалеев, құрылыс басқармасының басшысы:
Кеше 90 орынға арналған балабақшаның құрылысы басталды. «Солнечный -2» кентін абаттандыру жұмысы қызу жүріп жатыр. 5-ші маусымға қарай 50 үй өз иелеріне тапсырылады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада реновация аясында жаңа тұрғын үй кешені бой көтерді
27.07.2026, 13:09
Қарағандыда студенттер қағаз басып шығаратын құрылғы құрастырды
27.07.2026, 13:08
Google АҚШ-ТА 32 млн маса ұшырмақ
27.07.2026, 13:07
Екі елде 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 13:06
Ресейде әуе компаниялары дағдарысқа ұшырады
27.07.2026, 13:03
БҚО-да 56 млн теңге жымқырған мердігерлер сотталды
27.07.2026, 13:03
Елімізде электр стансаларын жөндеуге 384 млрд теңге қаржы бөлінді
27.07.2026, 13:01
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12