Ұлытау облысында «Отбасы банктің» филиалы ашылды
Енді өңір тұрғындары көршілес аймақтарға сабылмай-ақ, Жезқазғанда орналасқан бөлімшенің қызметіне жүгіне алады. Балаларды қорғау күні қарсаныңда ұлытаулықтар үшін ашық есік күні өткізілді.
Жасы 80-ді алқымдаған Шүкір Молдағалиева «Отбасы банктің» байырғы салымшысы. Өзі де, балалары да осы банк арқылы бірнеше мәрте баспаналы болған.
Шүкір Молдағалиева, Жезқазған қаласының тұрғыны:Мен өзімде үйімді кеңейттім. 5 үй алыппыз. Бұл банкке жалғыз мен ғана емес, халықтың бәрі сенеді ғой. Бізге салымшыларға қоятын шарттары ыңғайлы. Немерелерімнің бәрінде бар депозит. Шөберелерім әлі кішкентай. «Ақыл» депозитін ашамыз.
Биылдан бастап «Отбасы банк» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қатысушысы. Демек, тұрғындар «Ақыл» білім беру жинақтау салымын ашып, онда өзінің немесе балаларының қазақстандық немесе шетелдік білім беру ұйымдарында оқу ақысын төлеуге қаражат жинай алады. Ақпан айынан бері «Отбасы банкте»17 мың осындай білім беру депозиттері ашылған.
Нұрбол Есқайыров, «Отбасы банк» АҚ ҰОФ директоры:Бұған дейін «Отбасы банк» тек қана тұрғын үй жағдайын жақсартуға болса, енді білім алуға да осы жинақтау жүйесі арқылы ақшасын жинақтап, толықтыра алады. Бұл жерде де жинақтау мерзіміне байланысты манағы пайыздық 12 немесе 9,5 пайызды құрайды. 18-ге толған балаға Ұлттық қордан ақша түссе, 18 толғанға шейін ата-анасы баласының болашақ білімі үшін ақша жинаса, өзінің қалаған оқуының ақшасын жинақтай алады. Ол оқуы тек қана қазақстандық болу емес, шетелдік оқу орны болса да төлей алады.
Ұлытау өз алдына дербес аймақ болғалы қоныс аударған жұрттың қатары көбейді. Тиісінше, тұрғын үйге сұраныс артты. Сонлықтан, «Отбасы банктің» филиалын ашу - қажеттіліктен туындады. Салымшылар қатары бүгінде 25 мыңнан асты.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08