Петропавлда Абылай ханның туы көтерілді
Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Петропавлда үш жүздің басын қосқан Абылай ханның туы көтерілді. «Абылай хан резиденциясы» музей кешеніне жиналған көпшілік ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Мамандар мәліметінше, Абылай ханның туының бейнесі сақталмаған. Бұл тақырыпты жылдар бойы зерттеген ғалымдар Шоқан Уәлиханов пен белгілі тарихшы Құрбанғали Халидтің еңбектеріне сүйене отырып, Абылай ханның туының жинақы бейнесін бекітті.
Әлия Мәмбеталинова, «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің бөлім басшысы:
Жошы ханнан бастап, Жошы ұрпақтарынан қазақ хандары негізінен қызыл туды ұстанған. Кейін Шығайдан бастала оның үлкен ұлы дербес бөлінгенде ақ туды ұстап, Болатхан кезінде манағы Әбілмәмбетке қызыл туды ұстатып, Абылайға көк ту ұстатқан. Яғни үш түсті біріктірген, үш түсті төрелердің басын біріктірген Абылай хан болып саналады.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01