Таразда бейбіт күннің батырлары марапатталды
Таразда рәміздер күніне орай «Туған жерім менің - Қазақстаным!» атты патриоттық форум өтті.
Бірлігі жарасқан жас буын жүрек тебірентіп, рухты көтерер өлеңдер оқыды. Патриоттық бағыттағы әндер де шырқалды. Ал форум барысында балаларды өлім аузынан құтқарған бейбіт күннің батырлары марапатталды. Олардың қатарында Тараз қаласындағы өрт сөндіру қызметінің құтқарушысы мен патрульдік полиция инспекторлары бар. Еңбектері еленген жас батырлар «адам құтқару – абырой жинау үшін емес, жұмысымызды адал атқаруға деген талпыныс»,-дейді. Олар отанды сүю жанашырлықтан басталатынын көрсетті.
Бекнар Сейітжапаров, Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің құтқарушы маманы:
Жас маманның жүрегінде отанына деген қызмет, еліне деген патриоттық сезімде болу керек. Құрметтеуіміз керек, сыйлауымыз керек. Жас ұрпаққа осыны болашаққа айтып, түсіндіріп өтуіміз керек, еліміздің, жеріміздің мемлекеттік нышандарын.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01