Жамбыл облысында 900 шақырым жол тазартылды
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында қолға алынған «Road-эстафета» Жамбыл облысында жалғасты. Өңір бойынша 900 шақырым жол тазартылған. Белсенділер мен еріктілер аймақтағы жолдан үш күнде 70 тоннадан астам қоқыс жинапты. «AMANAT» партиясы мен «Жастар Рухы» жастар қанаты бастамашы болған экокеруен бұған дейін Қарағанды облысындағы бірнеше қаласы мен елдімекендерінде болған. Ең көп қоқыс Балқаш-Приозерск бағытындағы тас жолдан жиналыпты. Аталмыш акция Қонаев қаласында түйінделмек.
Арайлым Қаздашева, волонтер:
Бұл акция туралы әлеуметтік желіден көрдік. Бұл акцияға өзіміз ғана келген жоқпыз. Шығанақ ауылынан 30 шақты ерікті алып келдік. Қазір жолды тазартып жатырмыз.
Уәлихан Болатбек, «Амаnат» партиясы «Жастар рухы» ЖҚ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы:
Эстафетаны бүгін қабыл алдық. Жалпы Жамбыл облысынан 100-ден астам ерікті шығып жолдың екі жағын қоқыстан тазаладық. 10 тоннадан аса қоқыс тазартылды. Одан бөлек, Шығанақ ауылында ауыл тұрғындарын мәселелерін тыңдау аясында қабылдау жүріп жатыр. Мәселенің күрделігіне, шешілуіне байланысты міндетті түрде өз жауабы берілетін болады.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07
СҚО-да 37 мың адам сенбілікке шықты
04.04.2026, 20:05
Қытайлық блогер Т.Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
04.04.2026, 20:05