Олимпиада лицензиясының саны 71-ге жетті
Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Париж Олимпиадасына тағы төрт квота жеңіп алды. Соңғы үш жолдама теннисшілерге тиесілі. Бұл туралы Олимпиадалық штаб отырысында айтылды. Халықаралық Теннис федерациясының жаңартылған рейтингі бойынша Елена Рыбакина, Юлия Путинцева мен Александр Бублик Франциядағы байрақты бәсекеге жолдама иеленді. Бұдан бөлек, үстел теннисінен Кирилл Герасименко да Олимпиадаға барады. Отандасымыз Азия құрлығында жолдама алмаған спортшылардың арасында рейтингте ең жоғарғы орында болды. Осылайша, қазақстандық атлеттер Париждегі жарысқа спорттың 22 түрінен 71 лицензия қоржынға салды.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10