Азаматтар мерзімі өткен айыппұл үшін артық ақша төлемейді
Енді, ел азаматтары мерзімі өткен айыппұл үшін артық ақша төлемейді. Мүлкіне де, шектеу қойылмайды. Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің сөзінше, айыппұл төлеу мерзімі 50 күннен асқан тұрғындарға тағы да хабарлама жіберіледі. Дәлірек айтқанда, бұрынғыдай іске жеке сот орындаушылары араласпайды. Осылайша олардың қызметіне төленетін қосымша 25 пайыз қаржы тұрғындардың қалтасында қалады. Сот орындаушының қызметін роботтар атқармақ.
Мәселен, «Сергек» камерасы арқылы айыппұл арқалап, оны төлеуге үлгермей қалсаңыз, сіз қолданатын банк қосымшаларына SMS және push-хабарлама жіберіледі. Осылайша жыл сайын азаматтардың 2,2 миллиард теңгесі үнемделмек.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01