Ақтөбе облысының Нұра ауылында тасқыннан зардап шеккендерге арналған баспана құрылысы басталды
Ақтөбе облысының Нұра ауылында тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысы басталды. Бұл елдімекенге тасқын су ең соңынан келді. Құрылыстың кеш басталуы да содан. Дегенмен тұрғындар қоныс тойын тамыз айында тойлауы тиіс. Олардың өтінішімен 74 жаңа үй ауылдан он екі шақырым қашықтағы Сарыоба деп аталатын жерден салынып жатыр. Ол жаққа су келмейді, қауіпсіз.
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі мен облыс басшылығы мердігер компанияларға үйлерді сапалы салып, жұмыс қарқынын арттыруды тапсырды.
Жалпы, Ырғыз ауданы бойынша барлығы 134 баспана салынуы тиіс. Қазірге дейін 27 дайын үй сатып алынды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01