Ақтөбе облысының Қобда ауданында 84 үйдің құрылысы аяқталуға жақын
Ақтөбе облысының Қобда ауданында, су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан 84 үйдің құрылысы аяқталуға жақын.
Қазір олардың шатырларын жабу жұмыстары жүріп жатыр. Кейбірінің ішкі әрлеу жұмыстары басталды. Мердігерлер жұмыс күшін көбейтіп, құрылыс қарқынын арттырған. Жалпы аудан бойынша, 130 баспананың құрылысы жүруде. 17 үй Жарық ауылынан бой көтереді. Құрылыс жұмыстары Мұғалжар ауданында да, қарқынды. Жағабұлақ және Бірлік ауылдарында он төрт үй салынып жатыр. Жалпы аудан бойынша 76 үй, үш коммерциялық нысан және 8 шаруа қожалығына залал келген еді. Сегіз үй иесіне 17 миллион 450 мың теңге қаржы төленді.
Бекболат Құлмағамбетов, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары:
26 миллион теңге көлемінде бір жолғы көмек берілді. 55 үй иесінен өтініш түсіп, бүгінгі 42 үй сатып алынды.Қалған үйлерге құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08