Су тасқыны: Мыңнан аса бала оқу-сауықтыру орталықтарында демалып жатыр
Су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік мыңнан аса бала еліміздегі үздік оқу-сауықтыру орталықтарында тегін демалып жатыр.
Өңірде Ақтөбе қаласы мен 6 ауданда төтенше жағдай жарияланған еді. Бұл аумақтардағы оқушыларды қолдау мақсатында түрлі мәдени іс-шаралар қолға алынды. 343 бала Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қарағанды облыстарындағы сауықтыру орталықтарына жіберілген. Ақтөбе қаласындағы лагерьлерде де жүздеген оқушы демалды. Сондай-ақ, «Жаздық жолдама» жобасы аясында 36 балаға ұмытылмас демалыс ұйымдастырылды. Бұл шаралар әлі жалғасады.
Нұргүл Бертілеуова, облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
Облыста жаңа жоба қолға алынған болатын. «Талант тур» деп аталады. Осы «Талант тур» жобасы аясында 500 бала үшін Ақтөбе қаласында үш күндік демалыс ұйымдастырылды. Қаладағы ойын-сауық орындарына түрлі қызықты саяхаттар ұйымдастырылып, балалардың дем алуына толық жағдай жасалды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01