Ауылды жерлерде медицина мамандары жетіспейді
Ауыл медицинасы білікті мамандар мен жаңа мекемелерге мұқтаж. Үкімет отырысында Премьер-министр әкімдерге ауыл-аймақтағы денсаулық сақтау нысандарының құрылысын ширатуды тапсырды. Ұлттық жоба аясында 60 млрд теңге бөлінген. Биыл 556 медициналық және фельдшерлік пункттер және амбулаториялар салу көзделіп отыр. 322 нысанда құрылыс жүріп жатыр. Дегенмен кейбір өңірде жұмыс сылбыр. Қарағандыда 78 нысанның тек үштен бірінде жұмыс басталған.
Ал Жетісудағы құрылыс бойынша төрттен бірінде келісімшарт жасалмаған. Кадр мәселесі де өзекті. Ауылдарға 1100 медицина маманы қажет. Министр өңір әкімдерін жас мамандарды ұстап қалуға көбірек ақша бөлуге шақырды.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Біз биыл бітіретін мамандардың ішінен ауылдық жерген орналасатын мамандардың тізімін анықтадық. Осыған байланысты өңірлер жас мамандардың жетуіне және бекіту және оларды ұстап қалу мақсатында жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік қолдауды күшейту сұралады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01