Ақтөбедегі зауыттар экологиялық талапты сақтамай отыр
Ақтөбе қаласындағы өндіріс орындарында экологиялық талаптар тиісті деңгейде сақталмай отыр. Бұл әсіресе зауыттар мен жанармай құю бекеттеріне қатысты. Бүгін қоғамдық кеңес өкілдері шаһардағы осындай бірнеше нысанды аралап шықты. Мамандардың айтуынша, Хром қосындылары зауыты зиянды қалдықтарды азайту жұмыстарын ұдайы жүргізіп келеді. Соған қарамастан мұнда алты валентті хромның үлесі қалыпты деңгейден 80 есеге артып кеткен. Бұл тұтас қаланың экологиясына тікелей әсер етеді. Кәсіпорын аумағында жасыл желек те өте аз.
Сұлтанбек Тәшкенбай, Ақтөбе облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі:
Қозғалыс бұрынғыға қарағанда бар. Себебі біз былтыр да барған едік. Ол кезде ешқандай ағаш егілмеген болатын. Биыл шамалы болса да еге бастапты. Бірақ кейбір ағаштар өспейді деп жатыр. Жалпы қоршаған ортаны қорғау үшін істелініп жатқан жұмыстар көп. Жаңадан қондырғылар қондырылып жатыр.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08