Самокаттардың қозғалысын жалға беретін компанияларды қадағалау керек
Ал, Алматыда жол апаты азаймай тұр. Қала тұрғындарын әсіресе электрлі самокаттардың бейберекет қозғалысы алаңдатады. Шаһар басшысы Ерболат Досаевпен кездескен Алмалы ауданының халқы, мәселеге назар аударды. Биыл самокаттардың қатысуымен 47 жол апаты тіркелген. 51 адам жарақат алған. Кездесуге келгендердің айтуынша самокатты жалға алу құны уақытына қарай есептелетіндіктен, көп жағдайда жылдамдық асырылады. Әкім электрлі самокаттардың тәртібін жалға беретін компаниялар өз жауапкершілігіне алу керек дейді.
Ерболат Досаев, қала әкімі:
Өздеріңіз білесіздер елімізде арнайы заң қабылданды. Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі бұл мәселені реттеу үшін тиісті шаралар жүргізіп жатыр. Алматы әкімдігі құзырлы органмен бірлесіп жұмыс жүргізкуде. Мен ІІМ-ге бұл мәселеге қатысты өз ұсынысымды енгіздім. GPS арқылы қадағалауға болатынын айттым. Меніңше, самокаттар қозғалысын, оны жалға беретін компаниялар реттеуі керек. Яғни бұл компаниялар электросамокаттардың жол қозғалысын өз жауапкершілігіне алуы керек.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент жұмыс бабымен Қарағанды облысына барды
02.11.2026, 13:00
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02