Ақтөбе облысында 117 отбасы баспаналы болды
Ақтөбе облысында бір күнде тасқыннан зардап шеккен 117 отбасы баспаналы болды. Аудан орталығы - Қобдада жүз, Жарық ауылында 17 үйдің кілті табысталды. Бұл шара ауыл тұрғындары үшін үлкен мерекеге айналды. Баспаналарының аумағы 80 шаршы метр. Инженерлік желілер тартылған. Автономды жылытуға арналған санитарлық тораптары бар. Мемлекеттік қолдау мен меценаттардың көмегінің арқасында құрылыс жұмыстары қарқынды жүрді. Тасқыннан зардап шеккендер 4-5 ай бойы туыстарының үйінде тұрды және пәтер жалдап келді. Бұған дейін облыс тұрғындарына Ақтөбе қаласынан 106 пәтер және аудандардан 162 үй берілген. Жуырда осы Қобда ауданында тағы 30 үй тапсырылуы тиіс.
Фатима Суқұлова, Қобда ауылының тұрғыны:
Өткенге өкпе жоқ, алдағыдан үміт көп дейді. Міне, баспанамызды салып, енді үйіміздің кілтін беріп жатыр. Үйімізді барып қарап шықтық. Бәрі дұрыс, көңіліміз тоқ, жақсы, жайлы баспаналар. Дайын күйінде беріп жатыр ғой, одан артық не керек?
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08
Қазақстанда буын тіндерін қалпына келтіру технологиясы әзірленіп жатыр
16.09.2026, 10:05
Елімізде су нысандарын жаңартуға француз технологиялары тартылады
16.09.2026, 10:04
ЕО 15 жасқа дейін балалардың әлеуметтік желіні қолдануына шектеу қоюды ұсынбақ
16.09.2026, 10:04
АҚШ ғарышқа қару шығарғанын мойындады
16.09.2026, 10:03