Алматы облысында 4 адам сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін
Алматы облысының Ұйғыр ауданында 4 адам сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін. Қазір науқастар ауруханада ем қабылдап жатыр. Өңірде жедел штаб құрылып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Үлкен Ақсу ауылдық округі індет ошағы ретінде жарияланды. Облыстық ветеринария басқармасының мамандары ауыл тұрғындарының бірі ветеринариялық құжаттарды рәсімдеместен ауру малды сойып алғанын айтады. Ал қалғандары қарасанмен ауырған малдың етін жеген. Жергілікті полиция бөлімі жергілікті малды және ет өнімдерін сыртқа тасымалдауға тыйым салды.
Абат Ахметов, Алматы облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:
1 қыркүйек күні патологиялық материалдың сынамалары іріктеліп алынып, Алматы облысының ветеринариялық зертханасына зерттеуге жіберілді. Нәтижесі әлі анықталған жоқ.
Мүсілім Сағадиев, Алматы облыстық СЭБ Департаменті басшысының орынбасары:
Ұлттық сараптама орталығы жем, топырақ, көң және ет қалдықтарынан 43 түрлі сынама алынып, зертханаға жолдады. Науқастармен байланыста болған 21 адам анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01