Жұмысшы мамандықтарға деген құрмет мектептен басталуы тиіс
«Жұмысшы мамандықтарға деген құрмет мектептен басталуы тиіс». Бұл Ақтөбелік ұстаз Баян Базарғалиеваның пікірі. Мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатында қазақ тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім оқушыларға әр мамандықтың қадірлі екенін ұдайы айтып келеді. Ол Президент Жолдауын Астанаға барып, көзбе-көз тыңдап келгендердің бірі. Шәкірттерімен осы сапардан алған әсерімен бөлісті. Тәжірибелі ұстаздың айтуынша, оқушылармен негізгі пәндерден бөлек қоғамдық қарым-қатынастар мен әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар жөнінде де пікір алмасып отыру керек.
Баян Базарғалиева, облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі:
Мемлекет басшысы да барлық кәсіп қадірлі деді. Өйткені, адал еңбекпен, жауапкершілікпен еңбек еткен қай кәсіп иесі болса да мемлекет тарапынан бағаланады деді. Әр оқушы өзінің қабілетіне сай қандай мамандық иесі болмасын, келешекте ең бастысы, өз кәсібіне адал болуды бойына сіңіру керек деп санаймыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01