Алматы облысында 3 жастағы бала суға батып кетті
Алматы облысында 3 жастағы бала суға батып кетті. Алдын ала болжам бойынша бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалған. Оқиға Жібек жолы станциясының маңында болған. Куәгерлердің сөзінше, бала өзен жағасында ойнап жүріп, абайсызда суға құлап кеткен. Осы жайтқа қатысты Қарасай аудандық полиция бөлімі тергеу әрекетін бастап кетті. Сот-медициналық сараптама тағайындалған.
Айта кетсек, Алматы облысында жыл басынан бері кәмелетке толмаған 12 бала суға кетіп қаза тапқан.
Дархан Өмірәлиев, Алматы облыстық Төтенше жағдай департаментінің бас маманы:
Құтқарушылар бірден іздеу жұмыстарына кірісті. Сағат 17:45-те баланың денесі табылып, судан тіршілік белгілері жоқ күйде шығарылды.
ТЖД ата-аналарға балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмауды және су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Биыл Абай атындағы сыйлық берілмейді
02.11.2026, 10:16
Түркі әлемі: Диалогтан – нақты іске
02.11.2026, 10:15
Абай облысында өсімдік майын өндіру цехы іске қосылды
02.11.2026, 10:11
Білім беру бағдарламаларына ЖИ-ге қатысты жаңа пәндер енгізіліп жатыр
02.11.2026, 10:08
«Халықтық құрылыс»: Мемлекеттік комиссия құрылады
02.11.2026, 10:04
Микробиология мен биотехнология болашағы талқыланды
02.11.2026, 10:03
Мексикада тонналаған авокадо жойылды
02.11.2026, 10:02
Парижде өткен бейбіт шеруден соң коменданттық сағат енгізілді
02.11.2026, 10:01