Ұлттық арна эфирінен «Жақсылық жаса» бағдарламасы шығады
Оқиға орнына құтқарушылармен бірге барған қарапайым жүргізушінің ерлігі ел аузында. Шұңқырға түсіп кеткен сәбиді құтқарған азаматтың батылдығын тұрғындар аңыз қылып айтып жүр. Бұл оқиға Атырау облысының Индербор кентінде болған еді. Қазір балақай дін-аман, ата-анасының қасында.
Мәншүк Битұрар, ауыл тұрғыны:Кішкентайым Ясмин шұңқырға түсіп кетіп, құтқарушыларды шақырдым. Олар тез арада келіп, құтқарып алды. Сол үшін оларға алғысымды айтамын. Көп-көп рахмет.
Иә, ел ішінде талай адамды ажалдан арашалап, ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген қарапайым азамат баршылық. Алайда олардың дені назардан тыс қалып жатады. Енді ескерусіз жүргендердің ерлігін паш ететін ерекше жоба қолға алынды. Ұлттық арна ұжымы «Жақсылық жаса» бағдарламасын ұсынады. Тұсаукесері ертең кешкі 21:25-те. Тікелей эфирден тамашалай аласыздар.
Ләйлә Қазиақпар, «Жақсылық жаса» бағдарламасының жүргізушісі:
Ақпарат көп, сәт сайын жаңалық жаңарып отырады. Сондықтан кейбір маңызды деген оқиғалар елеусіз, ескерусіз қалып жатыр. Біздің кейіпкерлеріміздің оқиғалары көрерменді бейжай қалдырмайды. Керісінше шабыттандырады. Қанаттандырады. Сондықтан жұма сайын біздің бағдарламаны көруге шақырамыз.
Динара Жарқынбек
Автор
Ләйлә Қазиақпар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 13:08
Тараздықтар 10 мың түп ағаш екті
06.04.2026, 13:07
58 мың Hyundai Palisade кері қайтарылды
06.04.2026, 13:06
Трамп Иранның электр станциялары мен көпірлерін қиратпақшы
06.04.2026, 13:05
Ақтаудан жер сілкінеді деген ақпарат жалған
06.04.2026, 13:04
Жол апатына ұшыраған жұмысшылардың халі орташа
06.04.2026, 13:03
Атырауда 7 жастағы оқушыны көлік қағып кетті
06.04.2026, 13:02
Алматы облысында үй тонайтын біренше топ ұсталды
06.04.2026, 13:01