Алматыда «Жасыл аула» күзгі науқаны басталды
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жасыл аула» күзгі науқаны басталды. Көпқабатты үйлердің ауласын жасыл желекке толтырамыз деген тұрғындарға шегіршін, сәнағаш, қайың секілді 3 мың көшет тегін беріледі.
Ол үшін электронды поштаға аты-жөніңізді, көшет отырғызатын аумақтың фотосуретін, қажетті желек санын жазып жіберу керек. Кейін жергілікті халық отырғызылған ағаштарды 3 жыл баптауға міндетті. Күзгі ағаш отырғызу маусымы қазан айында басталып қарашаның соңына дейін жалғасады. Айта кетейік, былтыр 10 мың түп ағаш егілсе, биыл көктемде 200 адамға 3 мың желек берілген.
Әсем Бекбосынова, қала тұрғыны:
2 жылдан астам уақыт осы жерде тұрып келе жатырмыз. 9 мыңға жуық ағаш егілді. Біз келгенде негізі ағаш болмаған. Осы акция аясында ағаш егілу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көршілерім өте разы. Белсенді қатысып жатырмыз. Осы биыл жалғасын таба берсе екен деген тілектеміз.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08