Қостанайда озық медициналық орталық ашылды
Қостанайда заманауи технологиямен жарақталған бірегей медициналық орталық ашылды.
Клиникалық база 40 төсекке есептелген. Мұнда жоғары санатты мамандар медицинаның озық тәжірибесін қолдана отырып, халыққа қызмет көрсетеді. Тұрғындар міндетті медициналық сақтандыру қоры бөлген қаражат көлемі аясында тегін емделе алады. Сондай-ақ, ақылы негізде де қаралуға болады.
Виктор Гаврилов, медицина орталығының бас дәрігері:
Бірде бір емханада операция жасалмайды. Осы клиникада жылына 2 мыңға жуық операция жасайтын мүмкіндігіміз бар. Құрал-жабдық жеткілікті. 15 шақты білікті маман жұмыс істейді. Міндетті медициналық сақтандыру аясында ең күрделі операцияларды жасаймыз.
Өңірде денсаулық саласына бөлінген қаржы жыл сайын ұлғайып келеді, соның арқасында медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығая түскен. Жаңадан ашылған орталық аймақтағы денсаулық сақтау саласының дамуына тың серпін бермек.
Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:
Өңірде жаңа емдеу мекемелері салынып, жұмыс істеп тұрғандары қайта жөнделіп жатыр. Денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер бар. Бұндай орталықтардың ашылып жатқаны өте жақсы, өйткені ұлт саулағы біздің басты байлығымыз.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17