Ақтөбедегі газ тапшылығы мәселесі жақын арада жойылады
Ақтөбеде газ тапшылығы байқалады. Көлік жүргізушілері жанармай бекеттерінде кезек бар екенін айтады. Облыста шамамен 55 мың көлік газбен жүреді. Одан бөлек күн сайын өзге облыстардан он бес мыңы кіреді.
Абыш Жаманов, жүргізуші
Уақытымыз кетіп жатыр. Басқа да шаруашылықтарымыз бар. Жол жүреміз, алыс жолға шығатындар бар. Қазір тұрғанымызға екі сағат болды.
Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, тапшылық құрылыс және тасымал жұмыстарының артуына байланысты туындап отыр. Өңірге ай сайын Энергетика министрлігі 11 337 тонна сұйытылған газ бөледі. Осы айда қосымша 2 мың тонна жіберілген. Ол облыс аумағындағы бекеттерге ертең жетуі тиіс. Яғни мәселе шешіледі.
Алмас Салықбаев, облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы:
Ақтөбе облысына 30 вагон келетін болады. Ол 1080 тонна, қаланы толығымен жабуға толық жетеді. Сонымен қатар 5-қазаннан бастап газды қосымша тасымалдау басталады, автомен.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шеттегі қандастардың құрылтайы өтті
28.07.2026, 10:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 10:08
Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің қызметі өзгереді
28.07.2026, 10:07
Шымкентте 55 мыңнан астам адамның айыппұлы кешірілді
28.07.2026, 10:06
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 10:06
Висконсин штатында алапат құйын көтерілді
28.07.2026, 10:05
БҚО-да қатты желден 5 мың абонент жарықсыз қалды
28.07.2026, 10:03
Коммуналдық қызмет атынан sms-код сұрағандарға сенбеңіз!
28.07.2026, 10:02