Алматы облысында 643 референдум учаскесі жұмыс істейді
Алматы облысында миллионға жуық адам дауыс бере алады. Өңірде 643 референдум учаскесі жұмыс істейді. Дауыс берушілердің алғашқы легі сағат жетіден келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Қазір бізбен облыс орталығынан әріптесім Қуан Нұрақын тікелей байланысқа шығып тұр.
Қуан Нұрақын, тілші:
Облыс орталығы Қонаев қаласында 30 референдум учаскесі бар. Сағат жетіден есігін ашқан орынның бірі мына біз тұрған №949 учаске. Бұл жерге 2 мыңнан аса дауыс беруші тіркелген. Тұрғындардың алғашқы легі өз таңдауын жасап та үлгерді. Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Тұрыспек Доспанбетов ақсақал бірінші келіп, өз дауысын берді.
Тұрыспек Доспанбетов, Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:
Халық деген негізгі биліктің негізін қалаушы. Сондықтан мұның шешімін халық береді. Халық жеткізеді. Өте дұрыс іс-шара үлкен. Оны Президент апараты шешпейді, Үкімет басында отырғандар шешпейді. Мінеки, билік пенен бір саласы негізін қалаған осы халық. Сондықтан бұл өте дұрыс деп ойлаймын. 1:16
Қуан Нұрақын, тілші:
№949 референдум учаскесінің төрағасы Елдана Смаилова бірінші болып келгендерге арнайы сый-сияпат табыс етті. Сондай-ақ осы №949 учаскеге келіп, алғаш рет дауыс берген жастар да болды. Қонаев қаласында 45 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген. Осында жүрген басқа өңірдің азаматтары үшін уақытша тіркейтін арнайы 2 учаске бар.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15