Үздіксіз жаңбырдан соң Тайланд алапат тасқынға дайындала бастады
Таиландтың орталығындағы провинциялар алапат тасқынға дайындалып жатыр. Себебі мұнда бірнеше апта бойы жаңбыр тоқтаусыз төпелеп жауған. Cалдарынан дамба суға толды. Қауіпті аймақтағы қалалар қатарында мемлекет астанасы Бангкок та бар. Ал Чиангмай қаласында ішінара эвакуация жүріп жатыр. Ұлттық парктегі 125 пілдің көпшілігі қауіпсіз жерлерге шығарылған. Алып жануарлардың кейбірі биік жерге өздері көтеріліпті. Мұнда жауын тоқтағанымен, құтқару операциялары әлі жалғасып жатыр. Апаттан зардап шеккендерге еріктілер де жәрдемдесіп жүр. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, туристер көп баратын түнгі базар мен Та Па Гейт қалаларын да су басқан.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алаш қайраткерлерінің еңбектері жарық көрді
03.11.2026, 17:25
Амандасу әдебі – ұлттық тәрбиенің айнасы
03.11.2026, 17:22
Шымкентте 36 жастағы ана оныншы сәбиін босанды
03.11.2026, 17:20
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10