Таиландта бірнеше провинцияға тасқын қаупі төніп тұр
Таиландтың орталығындағы провинциялар алапат тасқынға дайындалып жатыр. Себебі мұнда бірнеше апта бойы жаңбыр тоқтаусыз төпелеп жауған. Cалдарынан дамба суға толды. Қауіпті аймақтағы қалалар қатарында мемлекет астанасы Бангкок та бар. Ал Чиангмай қаласында ішінара эвакуация жүріп жатыр. Ұлттық парктегі 125 пілдің көпшілігі қауіпсіз жерлерге шығарылған. Алып жануарлардың кейбірі биік жерге өздері көтеріліпті. Мұнда жауын тоқтағанымен, құтқару операциялары әлі жалғасып жатыр. Апаттан зардап шеккендерге еріктілер де жәрдемдесіп жүр. «Associated Press» агенттігінің хабарлауынша, туристер көп баратын Түнгі базар мен Та Па Гейт қалаларын да су басқан.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03