«Астана» ХҚО сотының судьялары дәріс оқыды
Еліміздің заң институттары мен халықаралық сот органдары арасында өзара ынтымақ күшейеді.
Бүгін Алматыда «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты, Халықаралық төрелік орталығы мен қалалық адвокаттары алқасы өзара келісімге қол қойды. Іс-шара аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының судьясы Лорд Фолкс, Алматыдағы танымал оқу орнында болашақ заңгерлерге дәріс оқыды. Айта кетейік, меморандум негізінде енді қазақстандық заңгерлер арбитаж және сот төрелігі саласындағы үздік мамандармен тәжірибе алмасады. Бұл келісім олардың озық стандарттарды меңгеріп, кәсіби дамуына сеп болмақ.
Лорд Фолкс, «Астана» ХҚО сотының судьясы:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының маңызды ерекшелігі: біз судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етеміз. Бұған дейін халықаралық деңгейде танылған коммерциялық дауларды шешу институттары ретінде шетелдік инвесторларға танылдық. 2018 жылдан бері 3300-ден аса іс қаралды. Сондай-ақ, әлемдегі үздік соттармен және арбитраж орталықтарымен бәсекеге түсе аламыз. Жинақтаған білім мен тәжірибені студенттерге үйреткіміз келеді.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08