Астанада екі қабатты үй өртеніп, 4 бала қайтыс болды
Бүгін таңертең Астанада екі қабатты үй өртеніп, 4 бала мерт болды. Қалалық ТЖД мәліметінше, балалар 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жеттік дейді.
500 ш.м. аумақ оқшауланып, өрт толығымен сөндірілген. Қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалған. «Бұл үйде екі отбасы тұрған. Балалары құрбан болған және зардап шеккен отбасыға психологиялық, материалдық, басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - деген Астана әкімдігі таратқан хабарламада.
Жеке тұрғын үйде тұрып жатқан екінші отбасы уақытша баспанаға көшіріліпті.
Ақмола облысы Қорғалжын ауданына қарасты Сабынды ауылында бұрынғы мешіт ғимаратында газ жарылып, үш адам опат болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ғимаратта жеті газ баллоны тұрған, біреуі жарылған.
Құтқарушылар үйінді астынан 1978 жылы туған ер адамның, 1983 жылы туған әйелдің, 2012 жылы дүниеге келген баланың денесін тапты.16 адам жедел жәрдем қызметі арқылы Астана қаласындағы ауруханаға жеткізілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08