Қостанайда науқастың басына күрделі ота жасалды
Қостанайда сирек кездесетін арнольда-киари дертіне шалдыққан 37 жастағы әйелге сәтті ота жасалды. Бұл дертпен ауырғанда науқастың мишығы бас сүйегінің мойынмен жалғасатын тесігіне түсіп қысылады. Салдарынан науқастың өз бетінше жүріп-тұруы, жалпы өмір сүруі қиындайды. Күрделі ота облыстық ауруханада МӘМС есебінен тегін жасалды. Қаржылай құны 14 мың АҚШ доллары тұрады. Қазір науқастың жағдайы жақсы. Жалпы биыл Қостанай облысында жалпы сомасы шамамен 693 миллион теңгеге 91 жоғары технологиялық операция жасалған.
Мария Мазанко, науқас:
Операциядан кейін келесі күні тұрып ас ішуге өз аяғыммен бардым. Басым бұрынғыдай қатты ауырмайды. Қолымның дірілі басылды. Тамаққа тәбетім ашылды. Әрі қарай бәрі жақсы болады деп үміттенемін.
Батырбек Нұрғалиев, МӘМС облыстық филиалының директоры:
Емделген 91 жағдайдың 27-сі жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын имплантациялауға келеді, ал өткен жылы мұндай жағдайлар 13 болған. Мұндай операцияның құны 8,4 млн теңгені құрайды.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17