Қостанайда тұтынушылардың жылуға қарызы 2 млрд теңгеге жуықтаған
Қостанайда тұтынушылардың жылуға қарызы 1 млрд 800 млн теңгеге жетті. Былтырмен салыстырғанда берешек 16,4 пайызға өскен. Жылудың ақысын уақытында төлемей отырғандардың 54 пайызы жеке тұтынушылар, 40 пайызы заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер. Қалған 6 пайызы білім мен денсаулық саласындағы бюджеттік мекемелер. Қарыздың көбеюіне тұтынушылардың жауапсыздығы, келісім-шарттың уақытында жасалмауы мен кейбір мекемелерге коммуналдық төлемге қажетті қаржы уақытында бөлінбейтіні себеп. Дегенмен, бір жыл ішінде жылуды тұтынушы саны 35 пайызға артқан.
Қанат Аужанов, ҚЖЭК МКМ директоры:
Біз биыл берешегі бар тұтынушыларға 5900 хабарлама жібердік. Жалпы құны 1 млрд 400 млн теңге. Сонымен қатар 300 млн теңге қарызды қайтаруға байланысты 28 материал сотқа жіберілді. Соның 19-ы бойынша сот жылу компаниясының пайдасына шешім қабылдады.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17