Елордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Ыстанбұл жоспарының бесінші раундын жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Антикор қызметі ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарды енгізу арқылы саланы жетілдірмек. Ерлан Қарин өз сөзінде Мемлекет басшысының ұйыммен ықпалдастыққа баса назар аударатынын атап өтті. Бірлестік бүгінде экономикалық салаларды ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін де қамтиды.
Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші шетелдік сарапшылардың ұсыныстарын жүзеге асыру әрі халықаралық ұйыммен байланысты одан әрі нығайту бойынша бірқатар тапсырма берді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18