Сенат «Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Сенат «Келешек» ерікті жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады. Енді әр ата-ана кез келген банк немесе сақтандыру компаниясында баласының атына шот аша алады. Ал мемлекеттік бюджеттен 5 жасқа дейінгі әр баланың шотына 221 мың теңге біржолғы бастапқы капитал аударады. Жетім балалар үшін 443 мың теңге. Шот ашқан ата-ана үшін талап бар. Олар ай сайын кемі 1 АЕК көлемінде жарна төлеп отыруы тиіс. Сонда банк 12-13 пайыз, мемлекет 5-7 пайыз мөлшерде сыйақы беріп отырады. Осылайша 18 жыл бойы баланың шотында кемі 3,5 млн теңге жинақталады.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Президентіміздің Жолдауында айтылған тапсырманы орындау үшін «Келешек» атты біріңғай ерікті жинақтау жүйесі енгізіліп отыр. Жалпы заң азаматтардың сапалы білім алуға қолжетімділігін, сондай-ақ, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18