Қостанайлықтарды маймыл тістеп алған
Қостанай облысының Рудный қаласында үш адамды маймылдар тістеп жарақаттаған. Оқыс оқиғаның екеуі Таиландта, біреуі Вьетнамда болыпты. Яғни Тобыл өңірінің тұрғындары осы елдерге саяхаттап барғанда приматтардың шабуылына ұшыраған. Олардың бәріне құтыру дертіне қарсы екпе жасалды.
Жалпы биыл облыс бойынша 3 мыңға тарта адам осы қауіпті індетке қарсы екпе алыпты. 13 жағдайда адамдарға тісін батырған жануарлардан құтыру дерті анықталған. Жалпы Қостанай облысы бойынша бұл індеттің адамға жұғуы соңғы рет 2015-ші жылы Арқалық қаласында тіркеліпті.
Әсел Баймұхаметова, Қостанай облыстық санэпидбақылау Департаментінің бөлім басшысы:
Құтыру – соңы сөзсіз өлімге соқтыратын өте қауіпті инфекция. Сондықтан үй немесе жабайы жануарлардың шабуылына ұшырасаңыз бірден медицина мекемесіне баруыңыз қажет. Осы жерде құтыруға қарсы екпе алып, бақылауда боласыз. Тек осылай ғана қауіпті індетке тосқауыл қоюға мүмкіндік бар.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17