Гвинея-Бисау президенті ресми сапармен Қазақстанға келді
Гвинея-Бисау Президенті ресми сапармен Қазақстанға келді. Умару Сисоку Эмбалоны Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды. Мемлекет басшылары алдымен бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Артынша Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін қос президент шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, цифрландыру және көлік-логистика бағыттары бойынша өзара қарым-қатынасын дамытуда әлеуеті зор екенін атап өтті.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экономика, цифрландыру және халықтың әл-ауқаты: Астанада Президент Жолдауының басымдықтары түсіндірілді
02.11.2026, 20:23
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке жарысқа барған 15 футболшы астан уланды
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18