Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу – терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданған шешім
Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу терең ғылыми зерттеулер негізінде қабылданған шешім. Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Премьер-министр жұмысшылармен кездесуде осылай деді.
Кәсіпорын қызметкерлерінің сөзінше, бұған дейінгі алтыншы уақыт белдеуі табиғи уақытқа сәйкес келмеген. Ал бірыңғай белдеуге көшу тұрмыстық процестерді жеңілдетіп, өмір сүру сапасын жақсартқан. Үкімет басшысы табиғи уақыт тұрғындардың денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсер ететіні ғылыми дәлелденгенін атап өтті. «Ал Қазақстан үшін UТC+5 ең қолайлы әрі табиғи уақыт белдеуі», - дейді Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мен бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу кейбір адамдарға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін екенін түсінемін. Ағза біртіндеп үйренеді. Осындай шешім қабылданды. Егер өңірлерде қандай да бір қолайсыздықтар болса, біздің еңбек заңнамамыз мүмкіндік беретін инфрақұрылымды, жарықтандыруды, ыңғайлы кестені ұйымдастыру арқылы жұмыс істеу қажет. Осы мәселелердің барлығын әрі қарай шешетін боламыз.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17